Background Background

Ғашықтар мекені

opa 1600x423
Ағымдағы жылдың 14 ақпан жұлдызында «Хан Шатыр» СОСО-нда ғашықтар күніне орай көптен күткен ерекше кеш өтті. Керемет көңіл-күй мен таңғажайып атмосфера орталықты жайлағандай болды. Ал соның барлығы – біздің сүйікті келуші қонақтарымыз үшін. Осы жоба барысында таңнан бастап қонақтарымыз бір бірлеріне сезімдерін білдіре отырып «Ғашықтар мекені» атты құрылғыдан сыйлықтарға ие болды. Жоба осымен екінші рет өткізіліп жатыр, және де айта кетерлігі – жобаның сәтті өтуіне де қонақтарымыздың шынайы махаббаты болса керек. Себебі кішкентай бүлдіршіндерден бастап, үлкен ата-апаларымызға дейі өз сезімдерін білдіруден тайсалмады. Артық айтудың қажеті қанша, бізде осыған орай видеомыз да бар екен. Ал орталық атриумы болса ертегіге айналды. Аспанда ілінген 4 метрлік үлкен жүрек кіреберістен ақ көздің бояуын алды, айналасында жүздеген гүлдерден жасалған декорациялар орналастырылған. Ал кеш соңында елімізге кеңінен танымал «Орда» тобы өз өнерлерін ортаға салды. Әртістер барынша ән салып, ғашықтар күніне арналған кештің сәнін келтірді. Кештің бүкіл барысында жұртшылыққа кештің қызықты өтуіне атсалысқан — танымал актер әрі теле жүргізуші – Жасын Қанбаев пен, дәл сондай танымал актер әрі сценарист – Бахтияр Арынғазин болды.