Background Background

ҚҰРБАН АЙТ-ҚҰТТЫ МЕРЕКЕ

Қазан айының 5 жұлдызында Құрбан айт мерекесіне орай «Хан Шатыр» СОСО «ҚҰРБАН АЙТ-ҚҰТТЫ МЕРЕКЕ» іс-шарасы өтті. Шара барысында бірқатар әртістер өнер көрсетіп, балаларға арнап түрлі ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Сахнада ән салып, көпшіліктің ықыласына бөленгендердің қатарында: Қыдырәлі Болман, Құрмаш Маханов, Серікзат Дүйсенғазин, Ибрагим Ескендір сынды әншілер болды. Сондай-ақ жергілікті имамдар Құрбан айт мейрамының маңыздылығын айтып, халықты ұлық мейраммен құттықтады. Шара соңында жиналған жұртшылық ұйымдастырушыларға алғыс айтып, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.