Background Background

Ұлыс Күнi – Ұлы той

Еліміз еңсесін түзеп, егемендігіміз бой көтере бергелі ерекше ынта-көңілмен, салт-дәстүріміздегі, тарихымыздағы маңызды төл мерекелеріміздің арасындағы ең ұлысы – наурыз мерекесі биыл да аламан той болып аталып өтілді. Мереке күндері Хан Шатыр сахнасының төрінде түрлі өнерпаздар қонақтардың көңілін баулып, құлақ құрышын қандырып, көрермендер көзайымына айналды. Мерекелік кештердің жүргізушілері — жастар арасында танымал болған “Onlive” интернет сериалының жұлдыздары Жасын Қанбаев пен Бахтияр Арынғазин. Ең басты атап өтер қонақтарымыз Ринго тобы болды.