Background Background

Best of Khan Shatyr 2013

best of khan shatyr5 қазаннан 17 желтоқсанға дейін «Хан Шатыр» СОСО жыл сайынғы «Best of Khan Shatyr» жүлдесі өткен болатын. Келуші қонақтарымыздың дауыс беруі арқылы «ең үздік үлкен дүкен», «ең үздік қызмет көрсету» секілді жүлделер берілді. Жалпы саны 10 жүлденің 8 қонақтарымыз таңдаса, 2 арнайы жүлде орталық әкімшілігінен ұсынылды. Сонымен қатар, шараға арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аталмыш шараның арқасында барлық келуші қонақтарымызға өздеріне ұнайтын сүйіктілерін таңдауға мүмкіндік берілді, ал оның орнына қонақтарымыз қатысушы купонын алып, өзара 100,000 бәйгеге салды. Жеңімпаз — Ташенова Замира Абдезқызы болып табылды.
-Замира, қайырлы күн! Өзіңіз жайлы қысқаша айтып берсеңіз. Алғаш рет қатысуыңыз ба осындай шараларға?
-Сәлеметсіз бе! Шынымды айтсам, жоқ, алғаш рет емес. Әр жолы өз бағымды сынаймын, және де құр қол қайтқан кездерім аз болды. Кішкентай болса да ұтыстар бұйырып тұрады. Өзім жайлы айтар болсам, отбасым бар, балаларым. Мемлекеттік қызметкермін. Өткенде ғана барлық жақындарыма осы Хан Шатырдан сыйлықтар алған едім, ал осы жолы өзіме де бұйырыпты.
-Ал міне сіз 100,000 теңге ұтып алдыңыз. Қай дүкенде жұмсамақсыз?
-Ал мен білемін. Ұтып жатсам осыны алар едім деп көздеп те қойған едім. Balizza дүкенінде өзіме ұнайтын пальто бар екен. Соны алармын. Ол жер жалпы өзіме ұнайды. Сапасы да жақсы, бағасы да тиімді.
-Біз сізді тағы да құттықтап келесі ойнатылымдарға да шақырамыз! Жаңа жылыңызбен!

А вот и результаты голосования посетителей, по которым и были выявлены лучшие из лучших:
Ал төменде қонақтардың дауыс беруі арқылы анықталған үздіктер тізімі:
1. Үздік үлкен дүкен — Massimo Dutti
2. Үздік кішкентай дүкен – Adidas kids
3. Үздік фаст фуд — KFC
4. Үздік кафе немесе ресторан — Assorti
5. Үздік сервис — Activ
6. Үздік қызмет көрсету — Adidas
7. Үздік витрина – S.Oliver
8. Үздік көңіл көтеру – Star Cinema
9. Үздік маркетинг — Mexx
10. Үздік операциялық қызмет — Zara