Background Background
«Хан Шатыр 2015 үздігі»
«Хан Шатыр 2015 үздігі»

«ХАН ШАТЫР-2015 ҮЗДІГІ»
АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕСІ

  • «Хан шатыр-2015 үздігі» акциясы (ары қарай – Акция) «Хан Шатыр» Сауда ойын-сауық орталығына (ары қарай – СОСО немесе «Хан Шатыр» СОСО) қазіргі таңдағы және потенциалды сатып алушылар мен жалға алушылардың назарын аудару, қызығушылығын тудыру мен арттыруға бағытталған. Акция осы «Хан шатыр-2015 үздігі» акциясына қатысу ережелеріне (ары қарай – Ереже) сәйкес жүргізіледі. 
  • Акцияға қатысу тегін. Акцияға қатысу үшін осы Ережелерге сәйкес белгілі бір шарттарды орындау қажет.
  • Акцияның өтетін орны – Астана қ., Тұран даң., 37 мекен-жайы бойынша орналасқан «Хан Шатыр» СОСО атриумы. 
  • Акция ұйымдастырушысы — «MALL MANAGEMENT COMPANY» (МОЛЛ МЕНЕДЖМЕНТ КОМПАНИ) ЖШС (ары қарай – Ұйымдастырушы). 
  • Акция 2015 жылдың 7 қарашасынан бастап 16 желтоқсанға дейінгі мерзім аралығында өткізіледі. 
  • Акция қатысушылары арасындағы жүлделі қорды ұтысқа салу 2015 жылдың 17 желтоқсанында сағат 18.00-де өтеді. 
  • Қатысушылар («Хан Шатыр» СОСО қонақтары) арасында ойнатылатын Акцияның жүлделі қоры «Хан Шатыр» СОСО-да орналасқан дүкенде сауда жасауға арналған 200 000 (екі жүз мың) теңгелік бір сертификаттан.
  • Кез келген 18 жасқа толған әрекетті жеке тұлға Акцияға қатысуға құқылы. Ұйымдастырушы қызметкерлерінің, СОСО-ның жұмыскерлерінің, СОСО-дағы жалға алушылардың, сонымен қатар Акцияға қатысы бар қызметкерлер мен кез-келген заңды тұлғалардың Акцияға қатысуына жол берілмейді. Егер де қатысып, ұтысты жеңген жағдайда, жоғарыда аталған тұлғалар ұтысты талап етуге құқығы жоқ. 
  • СОСО-ның Жалға алушылары Акциямен қатар конкурсқа қатысады, және төменде аталған бір немесе одан да көп номинацияларға ие бола алады. Жалға берушілер арасындағы жеңімпазды сайлаушылар (СОСО-ның қонақтары) номинацияларға сәйкес дауыс беру арқылы анықтайды.
  • Егер Жалға алушы белгілі бір себепке байланысты конкурсқа қатысудан бас тартса, Ұйымдастырушыға еш кідіріссіз, дауыс беру аяқталғанға дейін 7 күн бұрын СОСО-ның әкімшілігіне жазбаша ескерту арқылы жеткізуге міндетті.
  • «Хан Шатыр» СОСО атриумының ортасында ақпараттық экраны бар промо-үстел орналасқан, ол жерде әрбір сайлаушы (СОСО-ның қонағы) анкета толтырып, өзінің пікірі бойынша, «Хан Шатыр» СОСО-дағы үздік дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарын келесі номинациялар бойынша анықтауы қажет (барлық дүкендер, дүңгіршіктер, қоғамдық тамақтану орындары және көңіл көтеру алаңдары қатысады):
  1. Лучший магазин по уходу за здоровьем и красотой 2015»/ «Үздік денсаулық және сұлулық дүкені 2015»
  2. «Лучшее обслуживание 2015» / «Үздік қызмет көрсету 2015»;
  3. «Лучший магазин аксессуаров и ювелирных изделий 2015» /«Үздік аксессуарлар мен зергерлік бұйымдар дүкені 2015»;
  4. «Лучшая витрина 2015» / «Үздік витрина 2015»;
  5. «Лучшая стратегия маркетинга 2015» / «Үздік маркетинг стратегиясы 2015»;
  6. «Лучший магазин для всей семьи 2015» /«Үздік отбасыға арналған дүкен 2015»;
  7. «Лучший сервис 2015» / «Үздік сервис 2015»;
  8. «Лучшее обслуживание в заведениях общественного питания 2015» / «Қоғамдық тамақтану орындарында үздік қызмет 2015»;
  9. «Лучшее фаст-фуд кафе 2015» / «Үздік фаст-фуд дәмханасы 2015»;
  10. «Лучшее кафе 2015» / «Үздік дәмхана 2015»;
  11. «Лучший обувной магазин 2015» / «Үздік аяқ киім дүкені 2015»;
  12. «Лучший магазин детской одежды 2015» / Е«Үздік балалар киімі дүкені 2015»;
  13. «Лучший магазин мужской одежды 2015» / «Үздік еркектер киімі дүкені 2015»;.
  14. «Лучший магазин женской одежды 2015» / «Үздік әйелдер киімі дүкені 2015»; 
  15. «Лучший магазин 2015»/«Үздік дүкен 2015». 
  16. «Лучшее развлечение 2015»/ «Үздік ойын-сауық 2015» 
  • Дауыс беру аяқталған соң қатысушы купон алады, оның бір бөлігі промо-үстелдегі барабанға түсіріледі, қалғаны қатысушыға беріледі.
  • Әрбір қатысушы тек бір рет қана тіркелуге құқығы бар, бір реттен көп тіркелген жағдайда қатысушының купоны, тіпті ұтқан жағдайда да, жарамсыз болып есептеледі.
  • Қатысушылардың дауыс беру санын есептеу арнайы бағдарлама арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
  • Ұтысқа салу барысында қатысушы міндетті түрде болу керек. Ұтысқа салу кезінде жеңген купон иесінің есімі үш рет айтылатын болады, қатысушының жоқтығы жағдайында жеңіс купоны қайта ойнатылады. Ұтысқа ие болған қатысушының өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты және купоны болу керек. Ұтыс ойыны барысында купон болмаған жағдайда ұтыс қайта ойнатылады.
  • Жеке куәлігі мен купонды көрсеткен соң жеңімпаз сауда жасайтын дүкенді таңдап алады, және соған сәйкес сертификат алады.
  • Аталған сертификаттың негізінде жеңімпаз 2015 жылдың 21 желтоқсанынан 28 желтоқсанға дейін қосып алғанда сауда жасауға құқылы.
  • Сертификат ұтысқа салынғаннан кейін номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді, яғни СОСО жалдаушыларын.
  • Жалдаушы номинациядағы ұтыстан бас тартқан жағдайда Ұйымдастырушы оны тек аталған конкурстан ғана емес, келесі жылдары болатын конкурстардан да аластатуға құқылы.
  • Номинацияларды марапаттау жарнамалық сипатта және басқа құқықтық қатынастарда Ұйымдастырушы үшін еш міндетті емес, мысалы жалға беру келісім шарты бойынша.
  • Ұйымдастырушы «Лучшая стратегия маркетинга-2015 / Ең үздік маркетингтік стратегия-2015» номинациясы бойынша жеңімпазды өздігінше таңдайды. Жеңімпаз сыйлық пен диплом алады.
  • Акцияға қатысу фактісі барлық қатысушылардың Акция шарттарымен және осы ережелермен келісетіндігі және олардың есімдері, тегі, суреттері, интервьюі және олар туралы басқа да материалдар Ұйымдастырушының өз қалауынша қолданылатынын тұспалдайды. Қатысушылар Акцияға қатысуы туралы жарнамалық интервью беруге келісім береді, соның ішінде радио, телевизия және басқа да бұқаралық ақпараттар құралдары үшін. Акция кезіндегі барлық фото-видеотүсірілімдерді Ұйымдастырушы жарнамалық және ақпараттық мақсаттарда қолдана алатынына Қатысушылар келісімін береді, соның ішінде БАҚ-та жариялауға, Интернет желісіндегі сайттарға салуға, және Қатысушыларға ешқандай сыйақы төленбейді. Барлық мұндай интервьюлердің және басқа да материалдардың авторлық құқығы Ұйымдастырушыға тиесілі болады.
  • Акцияның қорытындылары кесімді болып саналады және талқылауға салынбайды.
  • Ұйымдастырушы Акцияға осы ережеде көрсетілгеннен басқа жағдайларда Қатысушылармен жазбаша келіссөздерге немесе басқа да байланыстарға түспеуге құқылы.
  • Ұйымдастырушы Акция туралы жарнамалық материалдарды 3 күн ішінде www.khanshatyr.com сайтына салу арқылы хабарлайды. Және жарнамалық материалдарды «Хан Шатыр» СОСО ішінде тарату арқылы жария етеді.
  • Ұйымдастырушының Акция шарттарын өзгертуге құқығы бар, және ол туралы Қатысушыларды www.khanshatyr.com сайты немесе жарнамалық-ақпараттық материалдар арқылы алдын ала ескертеді.