Background Background
ЭПЛ
ЭПЛ

«ЭПЛ Даймонд» компаниясы толық өндірісті қолға алған: Якутиядағы кенорындардан жеткізілетін алмас тастарын ең күрделі өңдеу түрлерінен бастап, зергерлік бұйымдарды шығару және Ресей мен басқа да елдерде көтерме және бөлшек саудаға салу.

Тек біздің салондарда «Оттай жанған мұз» («Пылающий лёд»™) гауһартастары ұсынылады. Біздің өңдеу технологиямыз гауһартастардың бар сұлулығын ашады. Олардың барынша жарқырауын қамтамасыз етіп, өзге, қарапайым ресейлік стандарттармен өңделген гауһартастардан ерекшелендіреді.

«Оттай жанған мұз» («Пылающий лёд»™) фирмалық гауһартастардың айрықша белгісі: шикізатты мұқият таңдап алу және математикалық есеппен жасақталған модельдің барлық қырларын тиянақты өңдеу. «Оттай жанған мұз» («Пылающий лёд»™) — бұл сапа мен бірегейліктің кепілі. Барлық гауһартастар түс пен тазалықтың ең жоғары талаптарына сай келеді. 4/4-тен кем емес. Яғни тастың сарғылт болуы, немесе, басқа да қоспалары, ақаулары мүлдем болмайды және өте мөлдір болады. Біздің салондардан әшекей сатып алған клиенттерімізге үш бірдей кепілдік беріледі — шынайылықтың кепілі, сапа кепілі және делдалсыз баға кепілі.