ХАН ШАТЫР

BfX-mrZU1cI

Хан Шатыр – Қазақстан астанасының жаңа нышаны. Хан Шатыр СОСО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады. Британ сәулетшісінің жобалауымен салынған Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Гүл және өсімдіктердің арқасында, күнделікті тіршіліктен демалу мақсатымен жайлылық жағдай жасау – Хан Шатырдың негізгі идеясы. Бәріне қоса, әйнектей төбе күн сәулесімен ғимаратты табиғи жарыққа толы етіп, үйдің жайлы жағдайын туғызады. Хан Шатыр Жаңа Астананың «Мыңжылдық түйіскен жері» деп атайтын жерде орын тепкен, алдыңғы кіре берісінен Президенттік Сарайды тамашалай аласыз. Демалыс күндері Хан Шатырға келушілер саны 30 мыңға жетерлік. Әлемдік Zara, New Yorker, Massimo Dutti, GAP, Bershka және тағы басқа бренд тауарлары Астанада алдымен Хан Шатырда пайда болады. Sky Beach Club құмды жағажайы шынайы жағажай әсерін туғызатын, жылыту жүйесімен жабдықталған. Құм болса Мальдиві түбегінен әкелінген.Әр демалыс сайын Хан Шатырда арнайы іс-шаралар, бас залында үнемі ұтыс лотереялары және тағы басқа да қызық шаралар өткізіліп жатады.