Background Background
Life Happens Here
KIP
KIP
1-68-C

Байланыс ақпараттары:
+7 701 566 28 22

Жұмыс уақыты: 10:00-22:00

KIP

KIP 1978 жылы негізі қаланып, классикалық ерлер киімін сататын Түркиядағы алғашқы маркалардың біріне айналды. Әрдайым басқа маркалардан сапасының жоғарылығымен және бай топтамасымен ерекшеленетін. Осының арқасында сатып алушылардың сенімінен шығып, кең клиенттік базасы болды.
Қазіргі таңда KIP – бұл тек luxury санатты түрік ерлер киімі ғана емес. Бірінші кезекте, бұл – үздік дәстүрлердің, қайталанбас стильдің және жоғары сапаның дұрыс үйлесімі. KIP – бұл өзіне ұқсастардың арасында төңкерісшіл-марка. Бұл табысты заманауи ер азаматтарға арналған классикалық киім. KIP маркасы бір орында тұрмайды, ол әрдайым тың идеялар мен қайталанбас элементтерді іздеу үстінде, тәжірибелер мен тәуекелдерге бейім. 30 жылдан астам уақыт бойы ең жоғары деңгейде келе жатқан компанияның жетістікке жетуінің де кілті осында болса керек.
«KIP» классикалық ерлер киімі дүкені Kabib Fashion Retail компаниясының киім сататын дүкендер желісінің бір бөлігі болып табылады.
Kabib Fashion Retail компаниясы – бүгінгі таңда күнделікті және классикалық киім сататын, белсенді дамып келе жатқан табысты компания.

Компания бастауын 2000 жылдардан алады, ол кезде Kabib Fashion Retail компаниясының негізгі қызметі casual бағытындағы киімді сату болатын.

Мекенжайы: «Хан Шатыр» СОСО, 2 қабат.