Background Background
Life Happens Here

Мисс Хан Шатыр 2014

1920x1080111

2014 жылдың 26 шілдесі мен 26 тамызы аралығында «Мисс Хан Шатыр 2014»
сұлулық байқауына іріктеу жүргізіліп , еліміздің ең сұлу 20 аруы анықталды. «Хан
шатыр» СОСО әкімшілігі конкурс қатысушыларына арнайы бағдарлама әзірледі: 3- 6
қыркүйек аралығында арнайы фотосессия, таныстыру мен ақтық сынға дайындық
жұмыстары жүргізілді.Одан бөлек , арулармен мамандандырылған шаш әрлеушілер,
стилисттер мен фотографтар жұмыс жасады. Осының барлығынан тәжірбие жинаған
сұлулар енді өз мүмкіндіктерін 7 қыркүйекте көрсететін болады. Ал жеңімпаз атанған
аруларға қаржылай сыйлықтар: Мисс Хан Шатырға-10 000$, I Вице мисске- 5 000$, ал
II Вице мисске — 3 000 АҚШ доллары табысталады.
Сұлулық байқауында қыздар ұлттық көйлектермен қатар отандық дизайнерлердің
кешкі үлгідегі көйлектерін көпшілік назарына ұсынады. Ал іс-шараны елімізге белгілі
әншілер: Айқын Төлепберген мен Мақпал Исабекова жүргізеді.
Сіздерді сұлулар сайысында күтеміз!