Background Background
Life Happens Here
Нұрлы Науқан
Нұрлы Науқан
                                                          «НҰРЛЫ»  НАУҚАНҒА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. «Нұрлы» науқаны (бұдан әрі — Науқан) келушілердің назарын аударып, олардың «Хан Шатыр» Сауда-ойын сауық орталығына (бұдан әрі – СОСО немесе «Хан Шатыр» СОСО) қызығушылығын тудырып, оны ұстап тұруға бағытталған.
2. Науқан тегін жүргізіледі. Науқанға қатысу үшін осы Ережелерде көрсетілген міндетті талаптарды орындау керек.
3. Науқанның өтетін орны – Астана қ., Тұран д-лы, 37 мекен-жайы бойынша орналасқан «Хан Шатыр» СОСО атриумы.
4. Науқанның ұйымдастырушысы «MALL MANAGEMENT COMPANY» (МОЛЛ МЕНЕДЖМЕНТ КОМПАНИ) ЖШС (бұдан әрі — Ұйымдастырушы) болып табылады.
5. Науқанның жүлде қоры «Rixos» қонақ үйлері желісінің бірінде Ұйымдастырушының Бас директоры бекіткен Стандарт сыныпты екі адамдық бөлмелерде демалуға арналған бес жолдамадан тұрады: Rixos Premium Belek, Rixos Sungate, Rixos Sharm El Sheikh, Rixos Seagate, Rixos The Palm Dubai. Бір қонақ үйге тек бір жолдама ойнатылады. Әр жолдаманың ішіне сәйкесінше қонақ үйде 2 адамға арналған 7 күндік тек ақысыз қонақтау мен тамақтану кіреді, (Rixos The Palm Dubai – тек таңғы ас). Салық түріндегі және өзге де бюджетке міндетті төлемдер, ұшу, трансфер, сақтандыру құны және т.б. ойнатылатын жолдамалардың ішіне кірмейді және науқан жеңімпаздары оларды өздігінше өз қалталарынан төлейді, аталған шығындарды Ұйымдастырушыға кейіннен тапсырмайды.
6. Науқан 26 қараша мен 2017 жылдың 27 сәуірі аралығында өтеді. Ұтыс ойыны 2017 жылдың 2 сәуірінде орын алады. Жүлде қорын ұтысқа салу 2016 жылдың 3 қыркүйегінде СОСО атриумында Науқанның аяқталуына және Науқанның жүлде қорын ұтысқа салуға байланысты ұйымдастырылған Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта басталатын бағдарламадан кейін жүргізіледі.
7. Науқанға 18 жасқа толған кез-келген іс-қабілетті жеке тұлға қатыса алады (бұдан әрі – Науқан Қатысушысы). Ұйымдастырушы қызметкерлері, СОСО жұмыскерлері (клининг, күзет және т.б), СОСО сауда орындарын жалға алушылар, және өзге де Науқанды өткізуге қатысты заңды тұлғалардың қызметкерлері мен өкілдерінің науқанға қатысуға құқықтары жоқ. Ал қатысып, ұтыс ұтқан жағдайда, жоғарыда аталған тұлғалардың ұтысты талап ету құқықтары жоқ.
8. Науқанға қатысуға тілек білдірген тұлға СОСО жалға алушыларынан біржолата кем дегенде 20 000 (жиырма мың) теңгеге тауар сатып алып немесе кез-келген қызметін қолдануға тиіс.
9. Купонд фискалды чектерді СОСО атриумында орналасқан промо-үстелде көрсеткеннен кейін беріледі.  Купонды «Хан Шатыр» СОСО-ның әр түрлі жалға алушыларының берген чектеріне алуға болады.
10. Чектін құны купон номиналынан асып кеткен жағдайда қалған сома күйіп кетеді, немесе келесі купонды алу үшін Науқан Қатысушысы жетіспейтін сомаға тауар сатып алуы тиіс.
11. Купондар тек сауда жасалған күні немесе қызметті қолданған күні беріледі, сонымен қатар купонның бір бөлігі Ұйымдастырушыда қалса, екінші бөлігі чекті көрсетушіде қалады.
12. Купонды алу кезінде Науқанға Қатысушы сауалнама толтырады, оған өзінің байланыс деректерін және жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерін (аты-жөні, туған күні, туылған жері, куәлік нөмірі мен берілу уақыты, берілген жері, ЖСН, тұрғылықты мекен-жайы) енгізеді.
13. Чектер мен оған алынған купондарды Науқанға Қатысушы Науқан өткізілетін бүкіл уақыт бойы сақтауы тиіс.
14. Жүлделерді ұтысқа салу нотариустың, СОСО келушілерінің және Ұйымдастырушы анықтап, құрамын бекіткен комиссия мүшелерінің қатысуымен купондарды кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асырылады. Ұтыс ойыны кезінде купоны ұтысты болған Қатысушының болмауы Науқанның Ұтыс ойынының қорытындыларын жарамсыз етпейді.
15. Ұтыс ойынының жеңімпаздары туралы ақпарат www.khanshatyr.com веб-сайтында және СОСО-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында Ұтыс ойыны өткізілгеннен күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей, сондай-ақ Ұйымдастырушы таңдаған бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады. Ұйымдастырушы Жеңімпаздарды телефон, пошта және басқа да тәсілдер арқылы ақпараттандыруға міндетті емес.
16. Ұтыс ойынының Жеңімпаздары ұтысты алу үшін СОСО әкімшілігіне барып, келесілерді көрсетулері қажет: ұтысты алуға арналған купонды, купон алынған чектердің түпнұсқаларын, жеке басты куәләндыратын құжатты, сонымен қатар Жеңімпазға Науқанды Ұйымдастырушы берген құжаттарды толтыру.
17. Науқан жүлделерін табыстау 2017 жылдың 3 сәуірі мен 2017 жылдың 12 сәуірі аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін күнделікті аталған мерзім аралығында жүзеге асады.
18. Осы Ережелерде көрсетілген ұтыстарды алу уақыты аяқталған соң, Науқан Жеңімпаздарының ұтысты алу құқығынан айырылады деп есептеледі.
19. Егер жеке басын куәләндырушы құжатта көрсетілген аты-жөні Науқанға Қатысушының аты-жөнімен сәйкес келмеген жағдайда немесе осы Ережелердің 16 тарауында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбаған жағдайда Ұтыс Жеңімпазға берілмейді.
20. Ұтыс нотариалды куәләндырылған сенімхат бойынша Жеңімпаздың мүддесін қорғайтын басқа тұлғаға берілуі мүмкін.
21. Ұтыстың бүтіндігі мен функционалды жарамдылығын Науқан Жеңімпазы оны қабылдау барысында тексереді. Ұтыстардың сыртқы сипаты олардың жарнамалық материалдарда көрсетілген бейнелерінен ерекшеленуі мүмкін.
22. Ұйымдастырушы ұтыстарды Науқанның Жеңімпаздарына өткізгеннен кейін олардың кез-келген ақаулықтарына жауапкершілік алмайды.
23. Алынбаған ұтыс туралы шағым қабылданбайды. Барлық талап етілмеген ұтыстар мерзімі аяқталған соң Ұйымдастырушының қарамағына, иелігіне және пайдалануына өтеді.
24. Науқанның әрбір Қатысушысы тек қана бір ұтыс алуға құқығы бар. Ұтыс ойыны кезінде болған, бір Қатысушыға тиесілі екі немесе одан да көп купондар ұтқан жағдайда, аталған қатысушыға тек бір ұтысты таңдауға мүмкіндік беріледі, ал басқа ұтып алынған ұтыстар қайта ойынатылады. Ұтыс ойыны кезінде болмаған, бір Қатысушыға тиесілі екі немесе одан да көп купондар ұтқан жағдайда, аталған қатысушыға осы Ережеледің 17 тарауында көрсетілген мерзім аралығында хабарласқан жайғайда тек бір ұтысты таңдауға мүмкіндік беріледі, ал басқа ұтысқа ие болған купондар мен ұтыстар Ұйымдастырушының қарамағына, иелігіне және пайдалануына өтеді және қайта ойнатылмайды.
25. Барлық салықтар, сондай-ақ басқа да бюджетке міндетті төлемдер Ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Науқан Қатусышысының өз бетінше, өз қалтасынан төленеді. Ұтыстар қайтарылмайды және (немесе), сонымен қатар, ақша баламасына да  айырбасталмайды.
26. Науқан ережелерін бұзу, бұзушылықты анықтау уақытына қарамастан, Жеңімпазды ұтыстан айыруына алып келеді. Ұйымдастырушы Ережелердің бұзылған әрбір нақты жағдайында дербес шешім қабылдауға құқығын өз еркінде қалдырады.
27. Науқанға қатысу жайты Науқанға Қатысушылардың барлығы Науқанның шарттарымен және осы Ережелермен, сонымен қатар, олардың аты-жөндерін, суреттерін, сұхбаттарын мен басқа да ақпараттарын Ұйымдастырушы өзінің білгенінше қолдануына келіседі дегенді білдіреді. Қатысушылар Науқанға қатысқандықтары туралы радиоға, телевизияға және басқа да бұқаралық ақпараттар құралдарына жарнамалық сұхбаттар беруге келіседі. Қатысушылар Ұйымдастырушы Науқанды өткізу барысында жасаған барлық фото-видео түсірілімдердің жарнамалық және ақпараттық мақсаттарда, сонымен қатар, БАҚ басылымдарында, сондай-ақ Интернет желісіндегі сайттарда Қатысушыларға қандайда бір сыйақы төлеместен, Ұйымдастырушының қолдануына келіседі. Аталған сұхбаттарға және бас қа да материалдарға барлық авторлық құқықтар Ұйымдастырушыға тиесілі.
28. Осы Ережелер бойынша ойнатылатын жолдамаларды 2017 жылдың 31 шілдесіне дейін қолданса болады. Жолдамалардың жарамдық мерзімі өткеннен кейін қолдану мүмкін емес. Даулы мәселелердің туындауының алдын алу мақсатында, науқан Жеңімпазы жолдама арқылы демалу ниетін Ұйымдастырушыға сәйкесінше қонақ үйде осы тармақта көрсетілген мерзім аралығында шамамен қонақтауға бару алдында кем дегенде 10 (он) күн бұрын хабарлауы тиіс.
29. Науқанның нәтижелері кесімді болып табылады және дауланбайды. Осы Ережелерде көрсетілген мерзімдер кесімді болып табылады және тек қана Ұйымдастырушының ынтасымен ғана ауыстырылады.
30. Ұйымдастырушы осы Ережелер қамтитын жағдайлардан бөлек, Науқан Қатысушыларымен жазбаша немесе басқа да байланыс түрлеріне шықпау құқығын өз еркіне қалдырады.
31. Науқан Ұйымдастырушысы Науқан Жеңімпаздары мен Қатысушыларының жіберген кез-келген қателіктерінің салдарына жауап бермейді.
32. Ұйымдстырушы Науқан жайында www.khanshatyr.com веб-сайтында ақпараттық материалдар жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің еркі бойынша «Хан Шатыр» СОСО-да және басқа да БАҚ-да жарнамалық материалдарды жариялау мен тарату арқылы хабарлайды.
33. Науқан Қатысушыларын www.khanshatyr.com  веб-сайтында немесе жарнамалық-ақпараттық материалдарда Науқанның шарттары өзгеруіне дейін бір жұмыс күні ішінде алдын ала хабардар ету арқылы,  Ұйымдастырушы Науқанның шарттарын өзгерту құқығын өз еркіне қалдырады.
34. Осы Ережелердің әртүрлі мағынада түсінуге алып келетін жағдайлар пайда болса, және (немесе) осы Ережелер арқылы шешіле алмайтын даулы мәселелер кезінде, соңғы шешімді Ұйымдастырушы қабылдайды. Ұйымдастырушының шешімі кесімді әрі шағым түсіруге болмайтын болып табылады.