Background Background
Life Happens Here
Ойнахан
Ойнахан

«ОЙНАХАН» акциясының қорытындысы

26 қыркүйекте ойнахан акциясының ресми жабылу рәсімі өтті. Еске сала кетейік, акция 30 мамыр күні басталып, тез арада 30.000 купон иесін тапты. Қатысу шарты қарапайым болды: “Хан Шатыр” СОСО кез келген бутигінде 20 мың теңгеге сауда жасап, қатысу үшін билет алу керек.  Ұтыс ойынының бас жүлдесі “Citylake” атты тұрғын үй кешеніндегі жайлы пәтер болды.

Акцияның бітер күнінде ойынның нәтижесін күтушілер мен жеңімпаздың есімін білу үшін келгендер саны көп болды. Сәтті купонды барабаннан алдыру үшін залдан кішкентай бүлдіршін шақырылды. Бала қолымен Смағұлқызы Гүлімнің дәл сол сәтті билетін алып шықты.

Смағұлқызы Гүлімді «Хан Шатыр» СОСО Әкімшілігі шын жүректен үлкен ұтыспен құттықтайды! Жаңа пәтерде бақыт пен береке тілейді!