«Хан Шатыр» СОСО ережелері

 

0 Тарау. Терминдер мен анықтамалар.

0.1. Ережелер– Келушілердің орындауына міндетті СОСО меншіктенушісі немесе Әкімшілік орнатқан барлық Келушілерге (олардың жеке топтарына) арналған СОСО-ны қауіпсіз пайдалану және оның төңірегінде қауіпсіз болу мақсатында, терроризмге қарсы және өрт қауіпсіздігін қоса алып, онымен шектелмегенде, Келушілердің, Әкімшіліктің, СОСО жалға алушыларының және өзге де үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Келушілердің атқаруына міндетті жалпы мінез-құлық ережесі. Ережелер келушілердің назарына Интернет желісіндегі khanshatyr.com СОСО-ның ресми сайтында жариялау арқылы жеткізіледі.

Әкімшілікпен Ережелердің өзгерістері Келушілердің назарына сол тәртіппен жеткізіледі. СОСО Әкімшілігінің осы Ережелерді біржақты тәртіппен толықтыруға және өзгерістер енгізуге құқығы бар.

 

0.2. «Хан-Шатыр»  СОСО – «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 37 мекен-жайы бойынша орналасқан ортақ белгілерімен біріктірілген жылжымайтын  және жылжымалы нысандардың жиынтығы.

0.3. СОСО аумағы – жалпы СОСО аумағы, Әкімшілік орнатқан ережелерге сай Келушілерге рұқсат шектелген жерлерді қоса алғанда:
а) әрқашан тыйым салынған (технологиялық нысандар, жабдықтар орналасқан жерлер, өндірістік жұмыс орындары, түсіру алаңдары және т.б.) (Тыйым Аудандары);
б) шектелген, яғни тек белгілі бір жағдайларда мүмкін (кеңсе, Әкімшілік, қойма орындары, эвакуациялық, өрт сөндіру, запастық шығу және т.б.) (Шектелген аудандар);
в) рұқсат етілген, яғни СОСО жұмыс уақытын ұстанғанда, егер Әкімшілікпен арнайы шектелмесе (атриумдар, дәретханалар, ортақ өтулер және т.б.) (Ерікті Аудандар).

0.4. Әкімшілік – СОСО-ны басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) СОСО меншіктенушісі бекіткен өзге де уәкiлеттi тұлғалар.

0.5. Келушілер – СОСО-ға жеке немесе өзге да мақсаттармен келетін, сондай-ақ, СОСО жалға алушыларының еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында тартылған үшінші тұлғалар (жеткізушілер, тазалау компаниялары, инкассаторлар және т.б.).

0.6. Көлік қоятын орын – көлік қояға арналған жер телімдері (олардың бөлшектері) (мәтін бойынша – Сыртқы көлік қоятын орын).

0.7. Қауіпсіздік қызметі – Әкімшілік қызметкерлері, немесе тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, Келушілердің СОСО-ға рұқсаттарын жүзеге асыратын және Ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін тартылған компания.

0.8. Қоғамдық тамақтану орындары – «Хан Шатыр» СОСО Аумағында орналасқан мейрамханалар, дәмханалар,  мейрамханалар ауласы.

1 Тарау. Жалры ережелер

1.1. СОСО аумағы жеке меншік болып табылады, сондықтан СОСО меншіктенушісі немесе Әкімшілік өз бетімен жеке меншікке қол сұғылмаушылық принциптеріне, келісім-шарт бостандығына, адалдыққа сәйкес ережелердің мазмұнын және СОСО Аумағында Келушілердің болу шарттарын анықтайды.

1.2. СОСО-ға келу фактісімен Келушілер Ережелермен толық көлемде келіседі, оларды қабылдайды және мүлтіксіз сақтауға міндетті болады. Егер де Ережелермен толықтай немесе оның бір бөлігімен келіспеген жағдайда, Әкімшіліктің немесе Қауіпсіздік қызметінің Ережелерге сүйеніп талап етуімен Келуші СОСО-ға келуден бас тартуы керек (СОСО аумағынан шығып кетуі).

1.3. Әкімшілік Келушілердің СОСО-да қауіпсіз және жайлы жүруі үшін Келушілерге рұқсат етілген және үшінші тұлғалардың айрықша меншігінде және/немесе қолдануында емес СОСО Аумағында Келушілерге немесе олардың мүліктеріне зиян келтірудің алдын алу мақсатында шаралар қабылдайды.

1.4. СОСО-ға толықтай немесе оның кейбір бөліктеріне келу Ережелердің 0.1 тармағында көрсетілген мақсаттарға сәйкес Әкімшілікпен шектелген болуы мүмкін, сондай-ақ, бірақ біріңғай емес, Келушілерге тыйым салынған немесе рұқсат шектелген жерлерді анықтау, СОСО-ның немесе оның бөлек бөлшектерінің уақыт тәртібін белгілеу, СОСО-ның белгілі бір бөлшектеріне және/немесе белгілі бір уақытта кіруге рұқсатнамалар тәртібін енгізу, Ережелердің талаптарына сай емес және/немесе оны бұзған Келушілерге рұқсаттан бас тарту және т.б.

1.5. Ережемен белгіленген талаптарды бұзған Келуші СОСО-дан (СОСО бөлшегінен) дереу кетуі тиіс және осы Ережелердің талаптарының бұзылуын тудырған себептерді жойғанға дейін оның аумағына кіру әрекеттерін жасамауы керек.

СОСО әкімшілігінің жәрдемі керек болған жағдайда келушілер СОСО-ның қауіпсіздік қызметкерлеріне, Guest Relation қоғаммен қатынас бөліміне, СОСО-ның бас кіреберісіндегі ресепшнге немесе 57-49-41, -42 нөміріне хабарласа алады.

 

Тарау 2. СОСО аумағында келушілердің мінез-құлқына қойылатын талаптар

2.1 СОСО ерікті аудандары тек демалысқа, тамақтануға (тек қана Қоғамдық тамақтану орындарында), сатып алуға және көңіл көтеруге арналған.

2.2. Келушіге тыйым салынады:

2.2.1. Темекі тартуға (арнайы белгіленген орындарды санамағанда).

2.2.2. Қоғамдық тәртіпті бұзуға, азаматтарға анық сыйламаушылық көрсетуге, оларға дөрекі балағат сөздер айтып, қорлап жармасуға.

2.2.3. Даулар, төбелестер, жанжалдар тудыруға, оларға қатысуға, айналадағыларға басқыншылық көрсетуге, бұзақы әрекеттер жасауға.

2.2.4. Әкімшілікпен келісілмеген немесе заңсыз жиындар ұйымдастыруға, сондай-ақ әр түрлі лозунгтер, плакаттар, транспаранттар қолдануға, оларға қатысуға.

2.2.5. Ережелердің а), б), тармақшаларында, 0.3 тармағында көрсетілген Жабық немесе рұқсаты шектелген жерлерге (қызметтік, техникалық бөлмелерге) кіру әрекеттерін жасауға.

2.2.6. СОСО-да киімсіз, кеудесі жалаңаш, немесе адамдық абыройды және қоғамдық адамгершілікті қорлайтын, азаматтарға анық сыйламаушылық білдіретін сыртқы келбетте болуға.

2.2.7. СОСО Аумағында жануарлармен болуға (жетеленуші иттерді санамағанда).

2.2.8. Балаларды қараусыз қалдыруға.

2.2.9. Сөмкелер мен жеке заттарды қараусыз қалдыруға.

2.2.10. Жүгіруге, секіруге, қоршауларға, сүйеніштерге, техникалық құрылыстарға мінуге, жасылдандырылған аумақтарға және ақпараттық тақталармен белгіленген қызметтік бөлмелерге кіруге, кез-келген биіктіктен секіруге.

2.2.11. Велосипедтермен, роликті конькилермен, скейтбордтармен, гироскутерлармен, сегвейлармен, самокаттармен жүруге.

2.2.12. Баспалдақтарда, едендерде, шарбақтарда, жаяужолдарда отыруға.

2.2.13. Дәретханаларға жинау жұмыстары өтіп жатқан кезде кіруге.

2.2.14. Ескерту белгілері бар дымқыл еден немесе жабындар үстінде жүруге.

2.2.15. СОСО инвентарына, безендірулеріне, шырша ойыншықтарына, әдемілеу элементтеріне, сондай-ақ кез-келген ойын мен көңіл көтеруге арналмаған электр жабдықтарына тиісуге, қимылдатуға.

2.2.16. СОСО-ның немесе үшінші тұлғалардың мүлкін бүлдіруге, оларға кез-келген заңсыз қолсұғушылықтар жасауға.

2.2.17. Жөндеу немесе басқа да кез-келген жұмастар түрі жүріп жатқан жерлердің қоршауларына кіруге.

2.2.18. СОСО Аумағында мас күйде, есірткілік, улы, психотропты заттардың әсерінде болуға.

2.2.19.  Спирттік сусындар мен алкогольдік ішімдіктерді СОСО Аумағында ішуге, алкогольді өнімдердің сатылуы жүзеге асатын Орындарды (нысандарды) санамағанда.

2.2.20. СОСО Аумағында есерткілік, психотропты немесе өзге де есеңгіртетін заттарды қолдануға, сондай-ақ темекі тартуға арналмаған жерлерде темекі тартуға.

2.2.21. СОСО Аумағына алып келуге:

— Жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды;

— спирттік сусындарды;

— қару-жарақтар, және (немесе) оқ-дәрілер, ату жарақтарын;

— өзін-өзі қорғау құралдарын, электрошок құралдарын, механикалық және автоматтық аэрозольдік бүріккіштердің барлық түрін;

— улы заттарды;

— өткір құралдарды;

— пиротехникалық құралдарды.

СОСО Аумағына қару жарақпен кіруге тек құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, қару-жарақ ұстауға құқығы бар инкассаторлық қызметкерлерге олардың талап етуімен және қызмет куәліктерін Қауіпсіздік қызметкерлеріне көрсеткеннен кейін рұқсат етіледі.

2.2.22. СОСО Аумағында қыспақ туғызатын жаппай жиналу ұйымдастыру.

2.2.23. Әкімшіліктің келісуінсіз кез-келген маркетингтік, жарнамалық, діни, насихаттық шаралар ұйымдастыруға (музыкалық және театрлық өнер көрсетулер), жарнамалық немесе басқа да ақпараттар таратуға, сауда-саттықпен немесе өзге де коммерциялық істермен айналысуға.

2.2.24. Қайыр сұрауға және/немесе келушілер мен өзге тұлғалардың мазасын алуға.

2.2.25. Өзге де қоғамдық тәртіпті бұзатын, азаматтарға анық сыйламаушылық білдіретін, адамдық абыройға және қоғамдық адамгершілікке қорлау көрсететін, өмірге, денсаулыққа немесе үшінші тұлғалардың мүлкіне зиянын тигізетін, немесе осындай зиянның қаупі бар істерді жасауға.

2.3. Келуші міндетті:

2.3.1. СОСО-ға кіруге тыйым салынған заттардың өзінде болуы туралы Қауіпсіздіқ Қызметіне хабарлауға, ондай заттардың аумақтың сыртында қолжетімді жерде қалуын қамтамасыз етуге (жеке көлікте, бар болған жағдайда арнайы жабдықталған сақтау камераларында және т.б.).

2.3.2. Қауіпсіздік Қызметінің талабы бойынша ірі габаритті сөмкелерді, қораптарды тексеріске беруге. Аталған сұранысты орындау Келушінің СОСО-ға немесе оның белгілі бір бөлігіне жіберілу шарттарының бірі.

2.3.3. Әкімшіліктің, Қауіпсіздік Қызметінің Ережелерге сай талаптарын орындауға.

2.3.4. Әкімшіліктің, Қауіпсіздік Қызметінің талабы орын алған жағдайда СОСО Аумағынан кетуге.

2.3.5. Қолданыстағы заңнамалардың, аталған Ережелердің, сондай-ақ, СОСО жалға алушыларының және өзге де үшінші тұлғалардың СОСО Аумағында қызметі барысында Келушілерге бекіткен ережелерінің талаптарын орындауға.

2.4. Келуші құқылы:

2.4.1. СОСО-ның, Әкімшіліктің, СОСО-ның жеке жалға алушыларының жұмыс тәртібі туралы, осы Ережелер туралы толық ақпарат алу.

2.4.2. СОСО Еркін Аудандарына СОСО-ның, оның бөлек бөлшектерінің жұмыс тәртібін есепке алып, Ережелерді сақтау арқылы қатынау.

2.4.3. СОСО-ға сырт киіммен келу жағдайында сырт киімді гардеробқа тапсыруға. Гардеробта сырт киімдерді сақтау қызметі Әкімшілік қызметкерлерімен жүзеге асырылады. Гардеробпен қолдану Ережелері Әкімшілікпен бекітілген және Гардеробтың қасындағы тақташаларда екі тілде көрсетілген – мемлекеттік және орыс тілінде.

2.4.4. Керек жағдайда СОСО-ға келу кезінде сақтау камерасын оның қолдану Ережелерін сақтап қолдануға. Сақтау камерасының қызметі ақылы.

3 Тарау.Эскалаторды қолдану ережелері

3.1 Эскалатордың үстінде міндетті:

3.1.1. Оң жағында тұрып, қозғалыс бағытына бетпен қарап, тұтқадан ұсталынып тұру.

3.1.2. Сол жағымен тұтқаны ұстап жүру.

3.1.3. Эскалатордан түсерде мұқият болу керек, оған алдын ала дайындалып, шыға берісте тұрып қалмай, қозғалыстағы төсемге немесе тұтқаның арасына түсіп кетпейтіндей сөмке-арбашаларды және басқа да заттарды көтеріп, сондай-ақ, ұзын киімнің етегін көтеру керек. Өкшесі бар аяқ киімдермен эскалаторды абайлап қолдану керек, өйткені олар конструкция элементтерінің арасында қысылып қалуы мүмкін.

3.1.4. 7 жасқа дейінгі балаларды қолда көтеріп тұру қажет, 14 жасқа дейінгі балалардың қолынан ұстап тұру керек. Олардың саусақтары, қолдары, аяқтары, шаштары, ойыншықтары, емізіктері, бөтелкелері, киімдері, сондай-ақ, өзге де баланың қолындағы және/немесе үстіндегі заттардың эскалатор үстіне, эскалатор тұтқасының астына, эскалатор беті мен балюстрада арасындағы саңылауға және/немесе эскалатордан түсе берістегі тараққа түсіп кетпеуін қадағалап тұру қажет.

3.1.5. Балаларды мұқият қадағалап, сондай-ақ, эскалатор үстінде және/немесе қасында қараусыз қалтырмау керек. Балалардың екі эскалатор тұтқасының арасында немесе екінші қабаттағы эскалатор қоршауы мен тұтқасының арасындағы ауданға  түсіп кетпеуін қадағалау керек.

3.2. Эскалаторда тұрғанда тыйым салынады:

3.2.1. Эскалатордың қозғалмайтын бөлшектеріне кез-келген амалмен тиісуге.

3.2.2. Сөмкелерді, жүкті, бесік арбаларды, аспа бесіктерді, тасымалдарды, қолшатырларды, ойыншықтарды, ыдыстарды, сондай-ақ өзге де заттарды эскалатордың баспалдақтары үстіне және/немесе тұтқаларына қоюға.

3.2.3. Эскалатор үстін күшпен басуға, оған тиісуге, саусақтарды, қолдарды, аяқтарды, киімдерді салуға, сондай-ақ, өзге де заттарды эскалатор бетіне, тұтқасының астына, эскалатор беті мен балюстраданың арасындағы саңылауға және/немесе эскалатордан түсерде тараққа салуға.

3.2.4. Эскалатор тұтқасына жатуға, отыруға, сүйкенуге.

3.2.5. Эскалатор баспалдақтарында отыруға.

3.2.6. Балаларды қараусыз қалдыруға.

3.2.7. Эскалаторда жүгіруге.

3.2.8. Эскалатор қозғалысына қарсы жүруге.

3.3. Егер сіз эскалатордағы жазатайым оқиғаның куәгері болсаңыз, эскалаторды тоқтатып, дереу сауда орталығының Әкімшілігіне немесе Қауіпсіздік Қызметіне хабарлауыңыз керек. Осы Ережелердің бұзылуы туралы барлық жағдайларды «Хан Шатыр» СОСО әкімшілігіне дереу хабарлауыңыз керек.

4 тарау. Өзін-өзі ұстау және сыртқы тұрақты ұйымдастыру ережелері:

4.1 Әкімшілік Келушілерге екі бірдей тұрақтың жұмыс уақытын сақтай отырып, Сыртқы Тұраққа тегін және ішкі Тұраққа ақылы түрде көліктерді қоюға рұқсат етеді, бірақ Келушілерге көлік құралдарын сақтау және (немесе) күзету қызметтерін көрсетпейді, сондықтан Келушілердің көлік құралдарының сақталуына, сонымен қатар, үшінші тарап қатарынан көлік құралына келтірілген зиян үшін жауап бермейді.

4.2. Тұрақтың аймағында қозғалу, тоқтау және қою, сонымен бірге жол белгілері де, Қазақстан Республикасының жол жүру Ережелерінің (ЖЖЕ) талаптарына сәйкес, сонымен қатар, осы Ережелерді, Әкімшілік және Қауіпсіздік Қызметінің  нұсқаулықтарын сақтау арқылы іске асырылады.

4.3. Әкімшілік өздігінен Тұрақты қолдану ережелерін анықтайды және Ережелерді бұза қойған Келушілердің көлік құралдарының орнын ауыстыруға (Тұрақ аймағынан алып тастауға) құқығы бар, сонымен қатар, 0.1 тармағында көрсетілген мақсаттарға сай, сонымен бірге жол жүру ережелерін қамтамасыз ету, көлік құралдарының және (немесе) жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіретін кедергілерді жою мақсатында,  соңғылардың қаржысы есебінен жасалады.   Аталған жағдайларда байқаусызда көлік құралы және басқа мүлік бүліну немесе істен шығу қауіпіне ережені бұзған Келуші жауапты.

4.4. Келушілер Тұрақта қозғалыс барысында жылдамдық режимін сақтауға міндетті (тұрақ аймағында қозғалыс жылдамдығы 20 км/сағ аспауы қажет).

4.5. Келушілерге тыйым салынады:

4.5.1. Көлік құралдары қозғалысының жылдамдығын заңсыз шегінен асыруға (30 км/сағ аса), әдейі кенет жылдамдатуға, тежеуге, олардың бағытын өзгертуге, олардан жоғары шу шығаруға (аргессивті көлік жүргізуге).

4.5.2. Жол белгілерінің, ЖЖЕ талаптарын бұзуға.

4.5.3. Автокөлікті жүретін жолға, кіреберіс пен шығаберісте, тұрақ «қалталарының» сырт жағында, аумақта орналасқан көмекші бөлмелердің есіктерінің қасында, сәйкесінше құқық болмайынша мүгедектерге арналған орындарда, сонымен қатар, сәйкесінше белгіленген, арнайы тұраққа арналған орындардан бөлек, басқа да жерлерге қоюға.

4.5.4. Жол белгілерін бұза отырып, көлік құралын тоқтату, тұраққа қоюға, сонымен қатар, апаттық түрінде (апаттық белгісін қосу арқылы) (сонымен қатар, жолаушыларды СОСО-ның кіреберістеріне қарама-қарсы жерде отырғызуға немесе түсіруге), басқа да амалдар арқылы жол кептелісін жасауға немесе туындатуға, аймақтағы көлік құралдарына арналған жүру мүмкіншіліктерін төмендетуге.

4.5.5. СОСО әкімшілігімен келісусіз үлкен жүкті көліктердің, тракторлардың, жеке топтарға арналған үлкен автобустардың жүруіне.

4.5.6. Максимум 2,5 т салмақты рұқсатпен және/немесе бір тұрақтық орыннан көп жерді алатын жүк көліктерін тұраққа қоюға.

4.5.8. СОСО аймағында автокөлікті түнге қалдыруға.

4.5.9. Автокөліктерді жөндеуден және техникалық қызметтен өткізуге, сонымен қатар оны жууға.

4.5.10. Тұрақтағы жол бетін, жол белгілерін және басқа да мүлікті зақымдауға, бүлдіруге.

4.5.11. Тұрақта немесе оған кіреберісте жол-көлік оқиғасы болған жағдайда Келуші ЖЖЕ-нің талаптарын орындауға, одан бөлек, жол-көлік оқиғасының салдарын көлік құралдарының кедергісіз қозғалуын қайта жандандыру мақсатында тез арада жоюға көмек көрсету үшін, Әкімшіліктің, Қауіпсіздік Қызметінің кез-келген қызметкеріне ескертуге міндетті.

4.5.12. СОСО әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық/жарнамалық, насихаттық шараларды өткізуге.

4.5.13. Түрлі қайырымлық жинауға, үнпарақтарды таратуға.

4.5.14. Тұрақты көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің қозғалысымен, тоқтауымен, қоюымен байланысты емес мақсаттарда қолдануға, сонымен қатар кез-келген жарыс, жиналыс мақсатында да.

4.5.15. Спиртті сусындар мен сыра ішуге.

4.5.16. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін көлік жолдарында және тұрақтарында роликті конькилер, скейтбордтар, велосипедтер және т.б. тебуге.

4.5.17. Тұрақ төңірегіндегі келушілердің меншік заттарына СОСО жауапты емес.

4.6. Шаралар өткізу барысында немесе өзге де қажетті жағдайларда Әкімшілік қозғалысты жабуға және/немесе Тұраққа немесе оның кейбір бөліктеріне кіруді тоқтатуға, сондай-ақ, белгілі тұлғаларға (мысалы, жұмысшыларға, СОСО жалдаушыларына) немесе көлік категорияларына аумағына кіруге тыйым салынған жерлерді белгілеуге құқылы.

4.7. Белгіленбеген жерде тұрақтаған көліктер эвакуациялануы мүмкін. Эвакуация шығындары меншік иесіне немесе осындай көлік иегерлеріне тапсырылады. «Хан Шатыр» СОСО Қауіпсіздік Қызметкерлері жоғарыда келтірілген Ережелерді бұзғандарды тоқтатуға, ескертуге және «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының аумағынан жығарып жіберуге құқығы бар. Ереже бұзушылар қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.