Сервис
22 Гардероб Хан Шатырдың 0-ші қабатында орналасқан. Гардеробтың  жұмыс істеу мерзiмi – қазан айынан наурыз айына дейiн. Жұмысының уақыты — 10:00-ден 22:00-ге дейiн.
8 Хан Шатырда сыйымдылығы 434 орын ақылы көлік тұрағын ұсынамыз. Орынның құны 500 теңгенi құрайды. Тұрақтың бiрiншi сағаты — тегiн.  Сауда ойын – сауық орталығының сыртқы аланында орналасқан 1000 тұрақ орындарының бірін тегін пайдалана аласыз.
12 0-ші қабатта, «Comtel» мен «Europharma» арасында жүк сақтау камерасы орналасқан.Жұмыс жасау тәртібі – 10:00-21:00.Сағаты -300 теңге. Сағаттық тарификация.
13 Ресепшен.Жұмыс уақыты — 10:00-ден 22:00-ге дейін, орналасқан жері — орталық кіреберіс жанында, 1 қабатта.
14 Хан Шатырда мүмкiндiгі  шектеулі жандар үшiн арнайы  жабдықталған дәретханалар бар. Орталық кіреберісте және жабық автотұрақта арнайы орындар белгіленген.Сонымен қатар мүгедектер арбасы жалға беріледі.Мүмкіндігі шектеулі жандарға арба тегін ұсынылады.
15 Ана мен бала бөлмелерінің бiрi 0 қабатта Green дүкенінің жанындағы Tobacco shop-тың артында  1 қабаттағы «Mondial» дүкенiнiң жанында, 2-ші қабаттағы O`stin дүкенiнiң жанында, 3-ші қабаттағы KFC-дің жанында, 4-ші қабаттың сол жағында орналасқан. 
16 Барлық банкоматтар супермаркеттiң жанында, 0-ші қабатта орналасқан.Хан Шатыр сiзге келесi банктердiң банкоматтарын ұсынады: Халық банкі, Казкоммерцбанк, Банк Центр Кредит, Цеснабанк, Еуразия банкi, Сбербанк, Альянс банк.Ақша айырбастау кеңсесін  0-ші қабат гардеробтың жанында,  Цеснабанк бөлімінде таба аласыз.
17 Хан Шатырда жоғалған заттарыңызды  есепке алу кітапшасын ұсынамыз. Егер сiздiң затыңыз жоғалған болса, ресепшнге хабарласыңыз. Бiз сізге көмектесуге тырысамыз.
18 Қалалық автобустардың Хан Шатырдың әкімшілігінен қай жаққа, және қандай маршрут жүретінін біле аласыз.Сіз таксиді ресепшннен сұрап  шақыра аласыз. Хан Шатырдың сыртында орналасқан такси аланында да оңай табуға мүмкіндігіңіз бар.
21 Дәрiгерлiк пункттiң жұмысының уақыты — 10:00-ден 22:00-ге дейiн. 4-ші қабатта жағажайға кiреберісте орналасқан. Алғашқы дәрiгерлiк жәрдем тегiн көрсетiледi. Егер сiзге дәрiгерлiк жәрдем керек болса, сiз сауда ойын –сауық орталығының кез келген қызметкерiнен немесе ресепшннен ақпарат сұрай аласыз.
23 0-ші қабатта, «Comtel» мен «Europharma» арасында, балалар бесік арбасын жалға ала аласыз.Балалар бесік арбасын бір сағатқа жалға алу – 500 тг. :Жарты сағаттық тарификация.Балалар бесік арбасын жалға алу үшін жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігін немесе 16000 теңге көлемінде ақшалай депозит қалдыру қажет.Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін бесік арба тегін ұсынылады.