Background Background

Ғажайып сәт 2014

Жобаның ережесі бойынша өзінің ерекше өнерін бесіктегі баладан жасы келген қарияға дейінгі кез-келген Хан шатыр СОСО қонағы  көрсете алады.  5 сәуірде басталған өнер сайысына 821 адам қатысып, берілген 1 минутта қазылар алқасының  назарына ілігуге тырысты.Көптеген іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, өнерімен тәнті еткен Танатқанова Қырмызы бірінші орынға ие болып, Грекияға берілген 2 адамдық жолдаманы жеңіп алды.Ал екінші орын Данилова Дарьяға бұйырды. Ол Бурабайдағы Риксос қонақ үйіне 5 күндік жолдаға ие болды.Сондай-ақ  үшінші орынға табан тіреген Затворницкая Мария Хан шатыр СОСО 100 мың теңгеге сауда жасауға мүмкіндік алды.Қайрбеков Алихан болса көрерменнің көзайымына айналып, белгілі әнші Ерлан Көкеевпен бірге ән жазатын болады.