Background Background
Life Happens Here

«Супер әке» байқауы

7 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне орай «Хан Шатыр» СОСО-да «Супер әке» байқауы өткен болатын. Бұл байқаудың негізгі мазмұны күнделікті тұрмыста, жұмыста жүрге әкелердің шын мәнінде қандай өнерлі, дарынды әрі зерек екендерін көрсету болатын. Байқау барысында 3 сыннан өткен 10 әке сахна төрінде ортаға барын салды.Қорытынды бойынша барлық сыннан сүрінбей өткен 26 жасар 2 баланың әкесі Серік Абдрашитов өз шаңырағына «супер әке» деген мақтанышты атақты арқалап әкетті. Басқа да қатысушыларымыз түрлі номинациялар бойынша сыйлықтарға ие болды.