Background Background
Life Happens Here

Super Ана

FbYZ6GVRPRA
8 наурыз күні «Хан Шатыр» төрінде «Super Maма» атты керемет сайыс өткізілді. Сайыс барысында 10 керемет ана өзара үздік атағын ортаға салды. Байқаудың алғашқы мәресі дефиледен басталған болса, келесі кезекте аналар өз өнерлерін паш етті. Біреу мың бұралып би билесе, екіншісі керемет ән салып, үшіншілері тіпті сахна төрінде ас әзірлеу шеберліктерінен де аянып қалмады. Байқау жеңімпазы «Caratti» дүкеніне 100,000 сертификат, «Women’s Secret» және «Ipekyol» дүкендеріне сыйлық сертификаттарын қоса арқалады. Басқа қатысушыларымыз да құр қалмады, барлығы дерлік өзіндік номинация жеңімпазы атанып, оған қоса «L’occitane», «Oggi», «Springfield»,»Cortefiel» дүкендерінің бағалы сыйлықтарын қоржындарына салды. Алғашқы үштікке іліккен аналар «Swarovski» дүкенінің керемет әшекейлерімен марапатталды.
Кеш бойына халықпен бірге, әрі сахнада қатысушыларымызға дем беріп, демеп, көрерменге керемет көңіл күй сыйлай білген танымал жүргізушілеріміз Жасын Қанбаев пен Бахтияр Арынғазин болды. Ал қазылар алқасына келетін болсақ, ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші, композитор – Ерлан Көкеев, 7 арна жүргізушісі – Арыстан Балтин, «Хан Шатыр» СОСО өкілі – Асель Омаркулова болды.
Сонымен, Керемет ана -2014 байқауының нәтижелері төмендегідей:
1. Көрермен қошеметінің иегері — ШАЙКЕНОВА ЖАНАР
2. Үй шаруасының үздігі — ДУЛАМБАЕВА АСЕЛЬ
3. Керемет күлкі иесі — ЕСАНОВА ЖАННА
4. Көңілді ана — АТХАНОВА ДАНА
5. Өнерлі ана — МАХМУДОВА АЙЖАН
6. Сымбатты ана — САТАНОВА МЕРУЕРТ
7. Үшінші супер ана — АУЕСБАЕВА МАКПАЛ
8. Екінші супер ана — ШИТОВА ВИКТОРИЯ
9. Бірінші супер ана — ДАДАНБАЕВА НУРСУЛУ
10. Супер ана — ШАНАЕВА АРАЙЛЫМ