Background Background
Life Happens Here

Super Maма

Ағымдағы жылдың 8 мамыр күні «Хан Шатыр» СОСО-да «Super Мама» байқауы өткен болатын. Ол жерде 7 ару аналарымыз ең үздік деген атақты бәйгеге салды. Байқау бірнеше кезеңдерден болды. Алғашқысы — дефиле. Кейінгі кезеңде қатысушыларымыз ортаға өз өнерлерін паш етті. Ал ең ақырғысы — ол әрине аспаздық шеберлік. Осындай барлық кезеңдердің нәтижесі бойынша әділ қазылар алқасы «Super Мама» атағына барлық кезең бойынша топ жарған Құндыз Амандосованы лайық деп таныды. Одан басқа жеңімпазға плазмалық телевизор, Swarovski әшекейлері, Mon Ami косметикасы мен «Sky Beach Club» тропикалық жағажайына арнайы сертификат сияқты жүлделер ұсынылды