Background Background

Хан Шатырдың үздігі 2014

18 қазан Хан Шатыр СОСО «Хан Шатырдың үздігі 2014» акциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Акцияның ережесі бойынша кез-келген адам өзінің сүйікті дүкендеріне дауыс беріп, «Хан Шатыр» СОСО сауда жасауға арналған 100 000 теңгені ұтып алуға үміткер атана алады. Еліміздегі ең ірі СОСО  орналасқан барлық дүкендер мен дәмханалар, сауда орындары   бірқатар  номинациялар  бойынша таласқа түсіп, «Хан Шатырдың  үздігі» атануға тырысады. Акцияның ашылуына орай  Tutti Frutti кафесі барлық қонақтарға йогурт-балмұздағын таратса, Sibella сұлулық салонының шеберлері қонақтардың шаштары мен бетін әрлеп, өз ісінің шеберлері екенін  дәлелдеді. Сондай-ақ, «Избушка» кафесі қонақтарға тағамдарды әзірлеу тәсілін көрсетіп, сырларымен бөліссе, Сакура суши-бары  атақты «филаны»  дайындау жолын сатылап көрсетті. Қонақтардың барлығы бұл  тағамдардан   дәм татып көруге мүмкіндік алды.  Одан соң Америкалық хот-догтардың ерекше  тіл үйірер дәмінің сыры ашылды.Ал «Хан Шатырда»  орналасқан      «Present» дүкені шарлардың көмегімен түрлі кескіндерді жасап, сыйлықтарды ораудың тың тәсілдерін ұсынды.

        Іс-шара Хан Шатыр СОСО орналасқан киім дүкендерінің fashion- көрсетілімімен жалғасты. Көрсетілім барысында «Хан Шатыр» СОСО дүкендердің  «күз-қыс» маусымына арналған топтамалары көрсетілді .  Нәтижесінде жиналған қонақтар жаңа маусымның  ерекшеліктеріне мән беріп, киімдерді қалай үйлестіруге болатынын көрді. Одан бөлек, сахнада әртістер өнер көрсетіп, көрермендермен қызықты ойындар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға түрлі  сыйлықтар табысталды.