Background Background
Life Happens Here

Ханшайым

FMkUydTcRW0
9 наурыз күні «Хан Шатыр» СОСО-да «Ханшайым» атты кішкентай қыздар арасында қыз сыны байқауы өтті. 40 жуық ниет білдірушілер арасынан 10 кішкентай ханшайым іріктеліп алынды. Байқауға ұзақ дайындалмаса да, жақсы деңгейде дайындалғандары анық. Әрқайсысы өзіндік ерекше, сұлу әрі сымбатты. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Алғашқысында дефиле көрсетілді. Оған сән үлгілерін «Monsoоn», «Ziddy», «FG4» дүкендері ұсынған болатын. Одан соң өнер сайысында қыздар барынша күш салып, би, ән, гимнастика, ас даярлау, және де тағы басқа көптеген тамаша өнерге куә болдық. Ал соңғы кезеңде қыздар өз қолдарымен жасаған көйлектерін көрсету керек болды. Бұл жерде де фантазияға шек болмады. Дастарған майлығынан, газет журналдардан, құрылыс қағаздарынан, торт пішінде, түрлі-түрлі көйлектер көрсетілді. Тіпті Хан Шатыр брендтерінің пакеттерінен жасалған көйлек те болып шықты арасында.
Қазылар алқасы қыздарымызға таң болды. Ризашылықтарын да білдіруден қалыспады. Олар жайлы айтар болса, қазылал алқасында еліміздің еңбек сіңірген әншісі, композитор және де жалпы керемет азамат – Ерлан Көкеев; Актив дүкені атынан Мобилайф компаниясының директоры – Асия Мұхамеджанова; танымал кәсіпқой фотограф, PPZ.KZ сайтының директоры Денис Кудлов және де «Хан Шатыр» СОСО өкілі – Асель Омаркулова болды. Кеш жүргізушісі, танымал Жайдарманшы, «Демеушіміз Болашақ» КВН командасының капитаны – Нұрболхан Шарапов.
Ал байқау нәтижелеріне келер болсақ, тізім келесі:
1. Кішкентай фотомодель — ДАНА АХМЕТ
2. Мисс FameCity — ТОМИРИС РАУАН
3. Көркем Мисс — ЕРКЕЖАН ОРАЗ
4. Кішкентай сәнқой — ДАРИЯ ТЮЛЮБАЕВА
5. Көрермен қалауы — ГУЛЯЙША РАМАЗАН
6. Кішкентай Леди — ЖАНЕРКЕ НАГАЙ
7. III Ханшайым — САБИНА САКТАГАНОВА
8. II Ханшайым — ЯСМИН ИШАНКУЛОВА
9. I Ханшайым — АЖАР МУХАМЕДГАЛИЕВА
10. Ханшайым — ЛЕЙЛА ШАКЕРЖАНОВА

Барлық қатысушыларымыз «Меломан», «Бал Бала», «Hardee’s» сыйлықтарымен марапатталды. Ал алғашқы жүлделі орындарға қол жеткізген Ханшайымдар «Monson», «Ziddy», «FG4» балалар киімі үлгілерімен сыйлық алды.