Background Background
Life Happens Here

Ханталапай акциясы мәресіне жетті

28 Қыркүйекте Ханталапай акциясы мәресіне жетті. Осы күні су жаңа автокөлікті ұтып алуға ниетті 30 мыңға жуық купонның иегерлері Хан Шатыр СОСО жиналды. Бірақ, бұл жолы тек үш қатысушының: Камила Нахыпбаева, Нұрбол Тастаев және Самат Шымбергеновтің бағы жанды.
Камила- мұғалім. Елордаға жақында ғана Оңтүстік Қазақстан облысынан көшіп келген. Ал Нұрболат- жеке кәсіпкер және соңғы жеңімпаз Самат құрылыс саласында қызмет етеді. Ол акцияның соңғы күні 20 000 теңгеге Хан Шатырдан сауда жасап, купон алған. Сәттілікке сенген Самат тіпті соңғы 200 теңгесін сусын алуға жұмсаған. Ал ұтыс купондарын көрермендер арасынан сахнаға шыққан кішкентай бүлдіршіндер таңдады. Әртістер мен ұтыс жүргізушілері: Жасын Қанбаева пен Бахтияр Арынғазин қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.