«Júldelі shoppıng» супер акциясы

ЕРЕЖЕЛЕРДЕН ҮЗІНДІЛЕР
1. Акцияның өтетін орны - Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Тұран даңғылы, 37 мекенжайында орналасқан "Хан Шатыр" СОО атриумы.
2. Акцияның жүлде қоры келесі жүлделерден тұрады:
-саны 7 (жеті) бірлік 256GB-ты Apple Iphone 14 ұялы телефон;
-2022 жылы шыққан, 1 (бір) бірлік «Toyota» маркалы «Corolla» модельді автокөлік.
-саны 1 (бір) бірлік Астана қ. орналасқан «SANCY» КТК-дағы ауданы 36,97 ш.м. бір бөлмелі пәтер немесе Акция демеушісі келісім талаптарын бұзған жағдайда, Ұйымдастырушы мен Акция демеушісі арасында жасалған келісімде көрсетілген сол пәтердің құны;
-саны 1 (бір) бірлік Астана қ. орналасқан «SANCY» КТК-дағы ауданы 38,03 ш.м. бір бөлмелі пәтер немесе Акция демеушісі келісім талаптарын бұзған жағдайда, Ұйымдастырушы мен Акция демеушісі арасында жасалған келісімде көрсетілген сол пәтердің құны.
3. Акцияны өткізудің жалпы кезеңі - 2023 жылғы «09» сәуірдегі сағат 10:00-ден бастап 2024 жылғы «23» қаңтардағы сағат 17:00-ге дейін (бұдан әрі - Акцияны өткізу кезеңі).
4. Жүлде қорының ұтыс ойыны кезеңдермен өткізіледі:
1-ші кезең – 2023 ж. «13» мамыр 16 сағат 00 минутта;
- 2-ші кезең – 2023 ж. «10» маусым 16 сағат 00 минутта;
- 3-ші кезең – 2023 ж. «09» шілде 16 сағат 00 минутта;
- 4-ші кезең – 2023 ж. «12» тамыз 16 сағат 00 минутта;
- 5-ші кезең – 2023 ж. «09» қыркүйек 16 сағат 00 минутта;
- 6-шы кезең – 2023 ж. «07» қазан 17 сағат 00 минутта;
- 7-ші кезең – 2023 ж. «11» қараша 16 сағат 00 минутта;
- 8-ші кезең – 2023 ж. «10» желтоқсан 16 сағат 00 минутта;
- 9-шы этап – 2024 ж. «09» қаңтар 17 сағат 00 минутта.
5. Акция ұтыс ойынының 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 7-ші және 8-ші кезеңдерінде осы Қағидалардың 8.1. тармақшасында көрсетілген жүлде қорынан 1 (бір) бірліктен ойнатылатын болады. Акция ұтыс ойынының 6-шы кезеңінде осы Қағидалардың 8.3. тармақшасында көрсетілген жүлде қорынан 1 (бір) жүлде ойнатылатын болады. Акция ұтыс ойынының 9-шы кезеңінде осы Қағидалардың 8.4. тармақшасында көрсетілген жүлде қорынан 1 (бір) жүлде ойнатылатын болады. Акция ұтыс ойынының 9-шы кезеңінде Ұйымдастырушы жүлде қорынан жүлдені ойнату кезектілігін өздігінен анықтайды.
6.Жүлделер ұтыс ойыны СОО-ның Instagram әлеуметтік желісіндегі @khanshatyr ресми парақшасында (аккаунтында) тікелей эфирде өткізіледі.
7. Акцияға 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар, осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген әрекеттерді орындаған шет мемлекеттің азаматы болып табылатын кез келген іс-әрекетке қабілетті жеке тұлға (бұдан әрі-Акцияға Қатысушы) қатысуға құқылы.
8. Акцияға қатысуға ниет білдірген адам осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген Акцияны өткізу кезеңінде тауарды біржолғы сатып алуды жүзеге асыруы немесе СОО жалға алушыларынан 30 000 (отыз мың) теңге сомаға кез келген қызметті пайдалануы (Акция ұтыс ойынының 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 7-ші, 8-ші кезеңдерін өткізу күндерінде чектерді айырбастау 15 сағат 45 минутқа дейін жүрізілетін болады, Акция ұтыс ойынының 6-шы және 9-шы кезеңдерін өткізу күндерінде чектерді айырбастау 16 сағат 00 минутқа дейін жүрізілетін болады), СОО атриумында орналасқан промо-тіректе Акция купонына (купондарына) берілген чекті (чектерді) айырбастауы, өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтынан Акциясының ұйымдастырушысы мен демеушісінің аккаунттары @khanshatyr және @nomad_group_kz ресми парақшаларына жазылуы және Акция аяқталғанға дейін осы парақшаларға (аккаунттарға) жазылуы тиіс.
9. Сыйлық сертификаттары бойынша сатып алынған тауарларға немесе қызметтерге берілген чектер, Банк бөлімшесі, төлем терминалдары, банкоматтар, сондай-ақ тауар чектері, чектердің түпнұсқалары/көшірмелері және (немесе) өзге де құжаттар (слип, скриншот және т.б.) Акцияға қатысуға жіберілмейді.
10. Жүлдені алу үшін ұтыс ойынының жеңімпазы ұтыс ойыны аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде СОО әкімшілігіне жүгінуі және: жүлдені алуға арналған купонның бір бөлігін, купон (дар) алынған чектің (чектердің) түпнұсқасын, жеке басын куәландыратын құжатты, а сондай-ақ, науқан ұйымдастырушысы жеңімпазға ұсынған құжаттарды толтырып, қол қоюы қажет.
11. Ұтыс ойынының жеңімпаздары туралы ақпарат веб-сайтта www.khanshatyr.com және (немесе) СОО-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына ұтыс ойыны өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жарияланады. Ұйымдастырушы ұтыс ойынының жеңімпазын ұтыс туралы телефон, пошта немесе басқа тәсілмен хабардар етуге міндетті емес.
12. Егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегі және (немесе) аты купонда көрсетілген Акцияға Қатысушының тегі және (немесе) аты сәйкес келмесе немесе осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда немесе Ұйымдастырушының және Акция демеушісінің Instagram әлеуметтік желісіндегі @khanshatyr және @nomad_group_kz ресми беттеріне (аккаунттарына) жазылым болмаған жағдайда немесе жеңімпаз осы Ереженің 25-тармағын орындамаған жағдайда жүлде жеңімпазға берілмейді.
13. Барлық салықтарды, сондай-ақ бюджетке төленетін кез келген басқа да міндетті төлемдерді науқан жеңімпаздары дербес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық агенті ретінде ұйымдастырушыға өз есебінен төлейді. Науқанға қатысушы ережелердің толық тізімімен сайтта таныса алады.