Background Background
Life Happens Here

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

 

Бүгінгі таңда егемен еліміз Қазақстанда 130-ға тарта түрлі ұлт өкілдері тұратындығы баршамызға мәлім. Сол себептен, 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні мерекесі біз үшін ерекше маңызды. Осындай дәрежелі мерекені «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы ұлан асыр той етіп атап өтті. Дәл сол күні біздің қаламыздың тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы дайындалған 3 сыйлығымыз болды. Ең алғашқысы – таңнан басталған «Шұғыла» корының қайырымдылық жәрмеңкесі болса, кезекте ерекше мега шарамыз – «1001 сыйлық» акциясының тұсау кесері болды. Және де ең қызықтысын әдеттегідей ең соңына қалдырдық. Түрлі халық билері, ансамбльдер өнері және де арнайы қонағымыз – ел сүйіктісіне айналған «Арнау» тобы барша жұртты әсем әндерімен тамсандырып, мерекеге орай өз қоржындарынан шашу шашты. Осындай ерекше қызықты концерттік бағдарламамен қонақтарымызға шат көңіл сыйлап, мерекенің керемет әсері баршамыздың жүректерімізге шырайлы нұрын ұялатқаны анық.