Компания жайлы
Норман Фостердің қиялынан шыққан сәулет ғажайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғимараты Орта Азиядағы баламасыз, әрі ең ірі архитектуралық жоба.
“Хан Шатыр” СОО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, өмір салтын қалыптастырушы орталық болып саналады. 2010 жылы 6 шілде күні ашылған бұл ғимарат Қазақстан астанасының 12-ші туған күнімен тең келген. Хан Шатырдың биіктігі - 150 м және жалпы ауданы 127000 м² болатын мөлдір шатыр, оған қоса 6 қабатты құрайды. Паркингте - 700 автокөлікке арналған орын бар.
"Хан Шатыр" СОО шағын және орта бизнестегі үздік компания ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің "АЛТЫН САПА" сыйлығына ие болды.
"Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының негізгі тұжырымдамасы – әлемдік деңгейдегі шопинг пен түрлі ойын-сауық, іс-шараларының органикалық үйлесімі. Sky Beach Club астанадағы биіктікте ораналасқан алғашқы және жалғыз жағажай клубы, сонымен қатар Fame City ең үлкен отбасылық ойын орталықтарының бірі, сүйікті Chaplin кинотеатры, сұлулық салондары, кафелер мен мейрамханалар, супермаркет пен қызмет көрсету орталықтары бар.
Жыл сайын "Хан Шатыр" жұлдыздардың концерттеріне бірнеше мыңдаған адам жинайды, танымал адамдармен танысуға мүмкіндік береді. Күмбездің астында кинофестивальдер, әлемдік концерттер, көрмелер өтеді. Сауда орталығының сахнасын әншілер, бишілер және тағы да басқа көптеген өнер адамдары және әр демалыс сайын балалар іс-шаралары мен ойын-сауық бағдарламаларымен толтырады.