Background Background
Life Happens Here

Автошоу

Шілде айының 4-ші жұлдызында «Хан шатыр» СОСО мен «Mercur Auto» авто салоны СОСО алдында автошоу ұйымдастырды. Черлидерлер ашқан шоуда «Фольсваген» маркалы автокөліктері көпшілік назарына ұсынылды. Көрермендер арасында өз күшімен автокөлікті сүйреу, шинаны қашықтыққа лақтыру секілді қызықты ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Ал дәл ортаға қойылған запорожец автокөлігі шоудың нышанына айналды. Оның үстінде Майкл Джексонның биі биленді. Және брейк бишілері жиналған қауымды ерекше өнерімен таң қалдырды. Көрермендерге ең әсерлісі дрифтинг болды . Темір тұлпардың көмегімен трюкты нәзік жандылар да көрсетті. Осылайша көпшіліктің көңілінен шыққан іс-шара лапылдаған отты шоумен аяқталды.