Background Background
Life Happens Here

Мисс Хан Шатыр 2014

7 қыркүйек Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше күн болды. Бұл күні еліміздің ең сұлу аруларының қатысуымен «Мисс Хан Шатыр 2014» сұлулық байқауы өтті
26 шілде-26 тамыз аралығында арнайы кастинг ұйымдастырылып, еліміздің түрлі өңірлерінен 19 ару іріктелді. Арулар көп ұзамай дайындыққа кірісті. Ал соңғы аптаны қыздар KingHotel-де бірге өткізіп, дайындықтарын пысықтады. Бұл уақыт аралығында қатысушы арулармен еліміздің ең үздік бет әрлеушілері, бишілер мен стилисттер жұмыс жасады. Сондай-ақ қыздар бір-бірімен жақын танысып, жаңа достар тапты. Бірақ, бұл байқау болғандықтан, арулардың арасында бақталастық, тіпті келіспеушіліктер де болды. Олардың арасында бір- бірінің аяғынан шалуға тырысқандар да табылды. Мәселен,қыздардың бірін қасындағы көршісі маңызды бір дайындыққа әдейі оятпай, оятқышын сөндіріп тастаған. Кейіннен қатесін түсініп, кешірім сұраған. Бір апта ішінде қыздар бір-біріне бауыр басып, қимастықпен тарқасты. Және қыздар www.ppz .kz интернет порталы суретке түсірушілерінің қатысуымен SkyBeachClub-та өткен арнайы фотосессияға қатысты.
7 қыркүйек күні Хан Шатырға жиналған қонақтардың санында шек болмады.Олар кештің басталуын асыға күтті. Сайыс барысында қыздар сахнада ұлттық және отандық дизайнерлер көйлектерін насихаттады. Сондай-ақ арулардың Singleladies дайындаған биі кешті қызықтыра түсті. Ал көбісі, әсіресе ерлер қауымы қыздардың суға түсетін киіммен сахнаға шығуын қызыға тамашалады. Нәтижесінде 18 жасар Сымбат Күрентай «Мисс Хан Шатыр 2014» атанып, бас жүлде 10 000 долларды жеңіп алды. Ал 17 жасар Екатерина Седова 5000 доллар мен І Вице-мисс атағына ие болды. Сондай-ақ ІІ Вице-мисс титулына Маргарита Бекметьева лайықты деп танылды.Думанды кешті қазақстандық жұлдыздар: Мақпал Исабекова мен Айқын Төлерпберген жүргізді. Одан бөлек сахнада елордалық цирктің акробаттары мен мың бұралған бишілер өнер көрсетті. Осылайша Хан Шатыр Елордаға тағы бір естен кетпес кеш сыйлады.