Background Background
Life Happens Here
PETEK
PETEK

PETEK – теріден жасалған аксессуарлар маркасы бүкіл әлемге танымал. Оның тарихының негізі 1855 жылы Македонияның қазіргі астанасы Скопьеде қаланған. Оның негізін қалаушы – тері иленіп, жылқыларға арналған ертоқымдар мен ат әбзелдері тігілген қайыс бұйымдар шеберханасын ашқан қолөнерші Исмаил Эфенди. Шеберхана жоғары сапаның арқасында танымал болды. Және XXI ғасырда PETEK жылқылар емес, автокөліктер мен ұшақтардың жоғары сапалы тері салондарында жол жүру ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Содан бері PETEK неміс, италиялық, француз және швейцариялық өндірушілерді біріктірген теріден жасалған аксессуарлардың бүкіл әлемге танымал маркасына айналды.
Теріні илеу мен өңдеу технологияларының дамуына қарамастан, PETEK компаниясында көптеген жұмыс қолмен атқарылады. Бұл брендтің негізгі басымдығы. Брендтің тұрақты тұтынушылары компания шеберлерінің жүз жылдық тәжірибесінің бүкіл құндылығын түсінеді, ал олар өз кезегінде тұтынушыларды сапалы тері аксессуарлармен қуантуға дайын.
Бренд Қазақстан нарығында 14 жылдан астам уақыт бұрын пайда болды, және осы мерзімде қазақстандық тұтынушының көңілін таба білді. Сіз РЕТЕК дүкенінен көптеген тері галантерея өнімдері: жақсы иленген бұзау терісінен жасалған салпыншақ әшекейлер мен бизнес санаттағы портфельдерге дейін табасыз. Ұсынылатын тауардың түсі, пішіні мен сәні еуропалық сапа мен осы саладағы заманауи сәнге сәйкес келеді. Бұйымдар беріктік, функционалдық, ерекше пішін мен түс бойынша еуропалық сәннің заманауи бағыттарын бейнелейді.