Background Background
Life Happens Here

«Туған күніңмен, Астана»

«Туған күніңмен, Астана» — дәл осындай атаумен «Хан Шатыр» СОО-дағы елордамыздың 15 жылдық мерейтойы өткен болатын. Айта кетерлік, біреу білер біреу білмес, дәл осы күні «Хан Шатырдың» да 3 жылдық мерейтойы тойланған болатын. Шаһарымыздың ең керемет мерекесіне Отанымыздың әрбір жерінен, сонымен қатар басқа елдерден де арнайы қонақтар келген болатын.
Ал мерекелік шараның негізгі бастауы Елбасымыздың туған күнге арнайы жасалған тортты кесу рәсімімен басталды. Бұны атамай өту мүмкін емес, себебі торттың жалпы көлемі 4х4 метр болса, салмағы толыққанды 600 кг екен. Жүздеген балақайлар, бишілер мен жас әншілер осы мерекеге елбасымызбен бірге қатысты. Осыдан кейін орталығымыздың әрбір қонағы мерекелік торттың дәмін татуға мүмкіндік алды.
Мерекенің келесі жалғасы – көптен күткен эстрада жұлдыздарымыздың концерттік бағдарламасы. Осыған орай жүздеген-мыңдаған қонақтарымыз келгені де болар. Аты әлемге танымал Алексей Велижаниннің би коллективі бастаған шоудан кейін сахна төріне Мақпал Исабекова, Қайрат Нұртас және де МузАРТ тобы шығып мереке өз өнер шашуларын шашты. Кештің жүргізушілері атақты актер Әділ Ахметов пен тележүргізуші Жанна Алишерова болғаны да атауға тұрарлық. Және де осындай керемет концертке әрбір қонақ келуге мүмкіншілік алды, себебі кіру де тегін.
Менің ойымша бұл мереке көпшілікке өзінің қызықтылығымен, керемет көңіл-күйімен, әрі адамның шын мәнінде тығыздығынан есте қалған болар. Туған күніңмен, Астана, туған күніңмен, Хан Шатыр!